Венесуэлада шерулерде 7 адам мерт болды

Фотография - Венесуэлада шерулерде 7 адам мерт болды

Венесуэла прокуроры Луиза Ортеганың мәлімдеуінше, елде президент сайлауының нәтижелері шыққан соң басталған наразылық акцияларында жеті адам қаза тапты. Бірақ прокурор олардың қайда және қандай жағдайда қаза болғандарын айтпады. Оның сөзінше, 135 адам жараланған

147 0


Венесуэла прокуроры Луиза Ортеганың мәлімдеуінше, елде президент сайлауының нәтижелері шыққан соң басталған наразылық акцияларында жеті адам қаза тапты. Бірақ прокурор олардың қайда және қандай жағдайда қаза болғандарын айтпады. Оның сөзінше, 135 адам жараланған.

Дүйсенбіде уақытша президент Николас Мадуроның оппозициялық кандидат Энрике Каприлестен аз ғана басым дауыс жинап, президент болып сайланғаны хабарланған соң Каракас пен басқа да қалаларда наразылық акциялары басталған еді. Каприлес жеңілгенін мойындамай, дауыстарды қайта санауды талап еткен. Мадуро оппозицияны елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптайды.

Экс-президент Уго Чавес өткен айда қатерлі ісіктен қайтыс боларына дейін вице-президент Николас Мадуроны президент міндетін атқарушы етіп қалдырған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!