Сенаторға пошта арқылы у жіберген

Фотография - Сенаторға пошта арқылы у жіберген

Бұл туралы  Associated Press 16 сәуір күні  Сенаттағы демократиялық көпшілік басшысы Гарри Ридке сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

271 0

АҚШ-тың  Миссисипи шататынан сайлаған Роджер Викераның кеңсесіне конверке салынған у жіберілген. Бұл туралы  Associated Press 16 сәуір күні  Сенаттағы демократиялық көпшілік басшысы Гарри Ридке сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

Қазіргі таңда болған жағдайды анықтау федералдық барлау қызметіне жүктелген көрінеді. Қауіпті затты кім жібергені туралы еш мәлімет бермеген Гарри  Рид конгресске жіберілетін әрбір заттың тиянақты тексерілетінен атап өткен.

Рицин- өсімдіктен жасалатын әсері жоғары у.  2004 жылдың ақпан айында  сенатор  Билл Фристқа да конвертке у салынып жіберілген болатын. Соның салдарынан жоғары палатадағы АҚШ конгрессінің бірнеше ғимаратын уақытша жабуға тура келген еді.

Соңғы жылдары  ақ ұнтақ у салынған  конверттер  бірнеше жыл қатарынан саясаткерлерге, шенеуніктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне және компаниялардың штаб-  пәтерлеріне  жіберіліп тұрған. Мұндай жағдай әлемнің түкпір түкпірінде жиі кездесіп тұрады. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!