Навальныйдың соты кейінге қалдырылды

Фотография - Навальныйдың соты кейінге қалдырылды

Ресейлік танымал блогер және сыбайлас жемқорлықпен күресуші Алексей Навальныйға қарсы сот отырысы бір аптаға кейінге қалдырылды

181 0

Ресейлік танымал блогер және сыбайлас жемқорлықпен күресуші Алексей Навальныйға қарсы сот отырысы бір аптаға кейінге қалдырылды. Сот процесі бүгін Киров қаласында басталуы тиіс болған. Бірақ судья Навальныйдың адвокатының дайындыққа қосымша уақыт беру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Навальныйға "Кировтің губернаторы болып тұрғанында фирманың 510 мың АҚШ доллары қаржысын жымқырды" деген айып тағылған еді. Бұл айып бойынша оған 10 жылға бас еркінен айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Президент Владимир Путиннің саясатын сынап, наразылық акцияларын ұйымдастырып жүрген 36 жастағы Навальный өзіне тағылған айыптарды саяси астары бар деп, мойындамайды.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!