FBI: "Обамаға келген хаттан у табылды"

Фотография - FBI: "Обамаға келген хаттан у табылды"

АҚШ-тың арнайы қызметі президент Барак Обамаға жолданған хаттардың бірін "күдікті" деп тапты.

104 0


АҚШ-тың арнайы қызметі президент Барак Обамаға жолданған хаттардың бірін "күдікті" деп тапты. 17 сәуір күні федералдық тексеру бюросы (FBI немесе ФБР) конверттен рицин уын тапқаны туралы ресми түрде жария етті. 16 сәуірде Ақ Үйдің сыртындағы тексеру орнында конверттен құрамы түсініксіз зат табылған еді. Дәл сол күні сенаторлардың біріне жіберілген хаттан да рицин уының табылғаны хабарланған болатын.

Арнайы қызмет өкілі Эдвин Донован Капитолийдің қауіпсіздік қызметімен және федералдық тексеру бюросымен хатты кім жібергенін табу үшін тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді. Күдікті конверттер 15 сәуір күні Бостон марафоны кезінде болған жарылыстан соң табылып отыр. Ол жарылыс кезінде 3 адам өліп, 170-тен астам адам жараланған еді.

17 сәуір күні АҚШ-тың бірнеше телеарнасы Капитолийден күдікті сәлемдеме табылғасын ғимараттың кейбір бөлігінен адамдардың шұғыл түрде көшіріліп жатқаны туралы хабарлады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!