Депутат: Қырғыз жастары Сирияға соғысуға жіберілген

Фотография - Депутат: Қырғыз жастары Сирияға соғысуға жіберілген

Қырғыз парламентінің депутаты қырғыз жастарының Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатыстыруға жалдамалы ретінде тартылып жатқаны туралы хабарларды тексеруді талап етті.

151 0

Қырғыз парламентінің депутаты қырғыз жастарының Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатыстыруға жалдамалы ретінде тартылып жатқаны туралы хабарларды тексеруді талап етті.

Парламенттің сәрсенбідегі отырысында сөйлеген "Ата Жұрт" фракциясының депутаты Дастанбек Жұмабеков бұл ақпаратты Ош облысының Араван және басқа да аудандарының тұрғындарынан естігенін айтты. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті мешіттерден Түркия территориясы арқылы 15 жігіт Сирияға аттандырылған. Жұмабеков бір депутат пен жастардың ата-аналары жағдайға көз жеткізу үшін Түркияға кеткенін жеткізді. 

Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия өкілі Маметбек Мырзабаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне өткен айда Баткен облысындағы Кызыл-Қия қаласының сегіз тұрғыны Сирияда соғысуға кеткенін хабарлады. Олардың ішіндегі ең жасы - 18-де.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!