Асад: Батыс елдері Сириядағы "Әл-Қаиданы" қолдауда

Фотография - Асад: Батыс елдері Сириядағы "Әл-Қаиданы" қолдауда

 Ол "бұл үшін  Еуропа мен АҚШ-та сазайларын тартады" деп ескертті.

123 0

Сирия президенті Башар Асад Батыс мемлекеттерін елдегі қақтығыстарда "Әл-Қаида" ұйымын қолдап отыр деп айыптады. Ол "бұл үшін  Еуропа мен АҚШ-та сазайларын тартады" деп ескертті.

Асадтың бұл мәлімдемесі оның Сирия тәуелсіздігі күніне орай мемлекеттік "Әл-Ихбария" телеарнасынан берілетін сұхбатында келтірілген. Сұхбаттың үзіндісі президент әкімшілігінің Facebook-тегі парақшасында алдын ала жарияланды.

"Әл-Қаидамен" байланысы бар "Жабхат әл-Нусра" сияқты радикалды топтар екі жыл бойғы қақтығыстарда Сирияға орнығып үлгерді.

Асадтың айтуынша, "егер Сирия қақтығыстарда жеңілсе - құрдымға кетеді".

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбіде "Башар Асадты оқшаулау, шеттету әрекеттері келіссөздер жасау мүмкіндігінен айырады" деп мәлімдеді.

Сирияда үкіметке қарсы толқулар басталып, соңы қарулы қақтығыстарға ұласқан екі жылдан астам уақытта БҰҰ дерегі бойынша 70 мыңнан астам адам қаза тапты.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!