Таиландта полиция бухгалтері 1860 жылға бас бостандығынан айырылды

Фотография - Таиландта полиция бухгалтері 1860 жылға бас бостандығынан айырылды

Алайда Таиландта айыптыларды 50 жылдан астам уақытқа темір тор артына қамауға тиым салынған соң, бұрынғы полиция есепшісінің мерзімі 50 жылға дейін қысқартылды

149 0

Таиланд ұлттық полиция бас басқармасы қаржы бөлімінің қызметкері қырық төрт жасар Чансима Пхеттханға полиция зейнетақы қорының қаражатын 372 рет ұрлағаны үшін 1860 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Бұл туралы Bangkok Post мәлімдеп отыр. 

Зейнеткерлердің қол таңбаларын қолдан жасап, олардың зейнетақысын жымқырған әйелді банкок қылмыстық соты әрбір жасаған қылмысы үшін 5 жылдан беріп, 1860 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, алаяқ әйелді барлық қолды еткен қаражатты иелеріне қайтарып беруге талап етті. Чансима Пхеттхан 1994 пен 1998 жылдар аралығында 394,6 мың таиланд батын (13,56 мың доллар) ұрлаған көрінеді.

Алайда Таиландта айыптыларды 50 жылдан астам уақытқа темір тор артына қамауға тиым салынған соң, бұрынғы полиция есепшісінің мерзімі 50 жылға дейін қысқартылды. Тергеу кезінде күнәсін мойындамаған Пхеттхан, сот кезінде жасаған қылмыстарына жауапкершілікті өз мойнына алды.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!