Италия Президентінің лауазымына негізгі кандидат - Франко Марини

Фотография - Италия Президентінің лауазымына негізгі кандидат - Франко Марини

Италияның Демократиялық партиясы жұма күні Италия парламентінің және елдің барлық облыстарынан делегаттардың қатысуымен өтетін бірлескен отырыста басталатын сайлауға ел президентінің лауазымына танымал саясаткер, 80 жастағы Франко Мариниді ұсынды

180 0

Италияның Демократиялық партиясы жұма күні Италия парламентінің және елдің барлық облыстарынан делегаттардың қатысуымен өтетін бірлескен отырыста басталатын сайлауға ел президентінің лауазымына танымал саясаткер, 80 жастағы Франко Мариниді ұсынды, деп хабарлайды Росбалт.

Италиялық БАҚ-тардың хабарлауынша, «Бостандықтың халқы» партиясының көшбасшысы Сильвио Берлускони оның жақтастары бұл лауазымға Маринидің кандидатурасына қолдау білдіретінін және оны «салмақты және байсалды адам» деп атады.

Елдің қазіргі басшысы, жетпіс жастағы Джорджо Наполитаноның мандатының мерзімі 15 мамырда аяқталады. Италия Конституциясының 85-бабына сәйкес, бұл мерзімнің аяқталуына 30 күн қалғанда депутаттар Палатасының төрағасы жаңа президентті сайлау үшін бірлескен отырысты шақыруы тиіс.

Айта кетейік, Италия Конституциясының 85-бабына сәйкес президенттің сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!