Мушарраф соттың тұтқындау ордеріне шағымданбақ

Фотография - Мушарраф соттың тұтқындау ордеріне шағымданбақ

Пәкістан бұрынғы президенті, 69 жастағы отставкадағы генерал Первез Мушарраф өзін тұтқындау туралы соттың ордеріне шағымданбақ

183 0

Пәкістан бұрынғы президенті, 69 жастағы отставкадағы генерал Первез Мушарраф өзін тұтқындау туралы соттың ордеріне шағымданбақ.

Первез Мушарраф бүгін өзінің үстінен жүріп жатқан сот отырысына қатысқан еді. Тыңдауда Исламабад соты оны тұтқындауға ордер беріп, полиция бірден тұтқындамақ болған. Бірақ күзетшілері мен оққағарлары оған үлгертпей, Мушаррафты көлігіне отырғызып үлгерген. Бұдан соң ол Исламабад маңындағы қатаң күзетілген үйіне орнықты. 

Мушаррафтың көмекшісі Мохаммад Амджад осыдан соң журналистерге экс-президенттің бүгін кештете сот ордеріне шағым беретінін мәлімдеді.

69 жастағы генералды полиция сотқа қатысуға келген жерінен тұтқындап әкеткен.

Генерал Мушарраф 1999 жылы қантөгіссіз төңкеріс арқылы билікке келген еді. Ол 2007 жылы қайтадан президент болып сайланғанымен, 2008 жылы саяси қысым әсерінен президенттіктен бас тартқан. Содан бері ол өз еркімен Лондон мен Дубайда өмір сүріп, наурызда елдегі сайлауға түсу үшін отанына оралған.

Мушаррафқа 2007 жылы билік еткен кезінде жоғарғы соттың бірнеше шенді судьясын қызметінен босатты деген айып тағылған. Ал 17 сәуірде сот оның елдегі сайлауларға түсуіне тыйым салды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!