Путин журналистерді батыл әрі еркін болуға шақырды

Фотография - Путин журналистерді батыл әрі еркін болуға шақырды

Ресей Президенті Владимир Путин Ресейде қазір бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді әрі жауапты ұстанымы мен батыл әрі тәуелсіз журналитика зор сұраныста екенін атап өтті.

296 0

Ресей Президенті Владимир Путин Ресейде қазір бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді әрі жауапты ұстанымы мен батыл әрі тәуелсіз журналитика зор сұраныста екенін атап өтті.

Ресейде өтіп жатқан Журналистер одағы съезінің делегаттары мен қонақтарына жолдаған құттықтау хатында РФ президенті Путин «журналистика жемқорлықпен, әділетсіздікпен және бюрократиялық бассыздықпен, ксенофобиямен және ұлтшылдықпен күресте қоғамның басты қаруына айналу керектігін» атап өтті.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың соңында «Еркін репортер» халықаралық ұйымы жариялаған сөз бостандығы рейтингінде Ресей 179 елдің ішінде 148 орынға тұрақтаған болатын.

Қазақстан бұл тізімде 160-орында. Сөз бостандығы жағынан Орталық Азия аумағында бізге қарағанда, «Еркін репортер» нұсқауы бойынша, Қырғызстан (106) мен Тәжікстанның (123) рейтингі жоғары көрінеді. Бірақ Өзбекстан (164) мен Түркіменстанды (177) соңымызға қалдырыппыз.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!