БАӘ-де "Әл-Қаиданың" 7 "күдікті мүшесі" ұсталды

Фотография - БАӘ-де "Әл-Қаиданың" 7 "күдікті мүшесі" ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар деген күдікпен жеті адам тұтқындалды

156 0

Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар деген күдікпен жеті адам тұтқындалды.

Мемлекеттік WAM агенттігінің хабарлауынша, ұсталған жеті адам "мемлекеттің, оның азаматтары мен шетелдіктердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекет ұйымдастырмақ болды" деген күдікке ілінген. Ұсталғандар - түрлі араб ұлтының өкілдері.

Агенттік келтірген құзырлы органның мәлімдемесінде олардың "Әл-Қаида" қатарына адам тартып, ұйымға қаржылай және техникалық көмек көрсеткені және шетелдерде ұйым қызметін кеңейту жолдарын іздестіргені" айтылады.

Ұсталғандарды тергеу жұмыстары басталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!