Политковскаяның өліміне қатысты тергеу аяқталды

Фотография - Политковскаяның өліміне қатысты тергеу аяқталды

Ресейдің тергеу органдары журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысы бар деген бес күдіктіге қарсы айғақтарды жинау жұмыстарын аяқтады. Тергеу комитеті таратқан мәлімет бойынша, іс тағылған айыптарды бекіту үшін прокуратураға, сосын сотқа жіберіледі

183 0

Ресейдің тергеу органдары журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысы бар деген бес күдіктіге қарсы айғақтарды жинау жұмыстарын аяқтады. Тергеу комитеті таратқан мәлімет бойынша, іс тағылған айыптарды бекіту үшін прокуратураға, сосын сотқа жіберіледі.

Политковская журналистік зерттеулермен, әсіресе Шешенстандағы адам құқықтарының бұзылуы тақырыбымен айналысқан еді. Оны 2006 жылы 7-қазанда Мәскеудегі үйінің маңында атып кеткен.

Күдіктінің бірі Сергей Хаджикурбановтың адвокатының айтуынша, күдікті сотты алқа билердің қарағанын талап етіп отыр. Бұрынғы құқық қорғау қызметкері Хаджикурбанов журналиске қастандықты ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Бірақ адвокат Хаджикурбановты кінәсіз деп санайды және тергеу процесін дұрыс жүрмеді деп сынға алады. 

Журналистің өліміне күдікті делінген үш адамды 2009 жылы алқа билер соты ақтап шығарған еді. Қазір олардың үстінен екінші қайтара тергеу жүргізіліп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!