Бостон жарылысына күдіктілердің суреті жарияланды

Фотография - Бостон жарылысына күдіктілердің суреті жарияланды

АҚШ Федералды тергеу бюросы (FBI немесе ФБР) Бостондағы жарылыстарға қатысы бар деген күдікті екі ер адамның суреті мен видеосын жариялады

192 0

АҚШ Федералды тергеу бюросы (FBI немесе ФБР) Бостондағы жарылыстарға қатысы бар деген күдікті екі ер адамның суреті мен видеосын жариялады.

Бейсенбіде жарияланған суреттердегі екі адам үстілеріне қара түсті күртеше киген және рюкзак таққан. FBI-дің Бостондағы агенті Рик Делорье тұрғындардан күдіктілерді табуға көмек көрсетуді сұрады. Ол бұған қоса күдіктілерді қарулы және қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

15 сәуірде Бостондағы марафон мәресіне жақын маңда бірінен соң бірі болған екі жарылыстан 3 адам мерт болып, 170-ке тарта адам жараланған еді.

Тергеушілер жарылғыш зат ретінде метал ыдысқа ұқсас құрылғылар пайдаланды деп санайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!