Бостондапғы жарылыс 11 жыл бұрын жарық көрген кітапта айтылған

Фотография - Бостондапғы жарылыс 11 жыл бұрын жарық көрген кітапта айтылған

2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон қаласында орын алған жарылысқа ұқсас оқиға осыдан 11 жыл бұрын жарық көрген кітапта жазылған екен

163 0

2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон қаласында орын алған жарылысқа ұқсас оқиға осыдан 11 жыл бұрын жарық көрген кітапта жазылған екен. Бұл жайында Huffington Post мәлімдеді.

Көпшіліктің назарын өзіне қаратқан кітап Том Лонерганның «Heartbreak Hill» деп аталатын туындысы. Онда автор американдық ультраоңшыл экстремистердің 1996 жылы Бостон марафонында жарылыс ұйымдастырмақ болғандығы жайында жазған. Алайда, кітап желісі бойынша, құқық қорғаушылар қанды оқиғаның орын алуына жол бермеген.

Аталған кітаптың 11 жыл бұрын жарық көргендігі туралы мәліметті Том Лонерганның өзі хабарлады. Кешегі Бостондағы қанды оқиғаны естісімен ол Huffington Post редакциясына хат жазған. Лонерганның өзі Бостон марафонына 17 рет қатысыпты. Оның айтуынша, 1996 жылы марафонның 100 жылдығында жүгірген сәтте іштей жарылыс болатынын сезіп, әр бұрышқа сескеніп бір қараған. Дегенмен, ол кездегі спорттық шара ешқандай оқыс оқиғасыз аяқталған болатын.

Ал, аталған кітапты Лонерган 2001 жылы 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғадан кейін жазуды бастаған. Қазір ол кітаптарын сатылымнан алып тастау мәселесіне мүлдем қарсы шығып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!