Венесуэлла билігі елде өткен Президент сайлауының нәтижелерін қайта санамақ

Фотография - Венесуэлла билігі елде өткен Президент сайлауының нәтижелерін қайта санамақ

Бүгін Венесуэлла мемлекетінің Ұлттық сайлау кеңесі елде өткен Президент сайлауының нәтижелерін қайта санау туралы шешім шығарды

137 0

Бүгін Венесуэлла мемлекетінің Ұлттық сайлау кеңесі елде өткен Президент сайлауының нәтижелерін қайта санау туралы шешім шығарды.

Кеңесте сайлаушылар дауыс берген бюллетендердің саны жіті саналатындығы айтылған.

Оппозицияның көшбасшысы Энрике Каприлес кеңестің бұл шешімі дұрыс екенін және оны қолдайтындығын білдіріп отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Венесуэлладағы президент сайлауында Николас Мадуро қарсыласы Э.Каприлесты басып озып, жеңіске жеткен болатын.

Президенттік орынтаққа үміткер Энрике Каприлес болса сайлау барысында қателіктердің орын алғанын алға тартып, сайлаушылардың дауысын қайта санауды талап еткен болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!