Журналист үш күн тоқтамай сұхбаттасты

Фотография - Журналист үш күн тоқтамай сұхбаттасты

Непалдық тележүргізуші әлем тарихында бұрын-соңды болмаған ұзақ шоу жүргізіп, дүниежүзін таңқалдырды

119 0

Непалдық тележүргізуші әлем тарихында бұрын-соңды болмаған ұзақ шоу жүргізіп, дүниежүзін таңқалдырды. Мұндай қызықты мәліметті oreanda.ru сайты жариялап отыр.

Шетелдік журналистің еңбегі ерекше назарға ілінді. Непалдық тележүргізуші әлемдегі ең ұзақ ток-шоу жасаудан рекорд орнатты. Ол 2011 жылғы Украинадағы екі әріптесінің жетістігін жаңартып отыр. Сол кезде бағдарламаның ұзақтығы 52 сағат­қа созылған. Ал бұл жолы Раби Ла­мик­хане студия қонақтарымен 62 сағат 12 минут бойы сұхбаттасыпты. Бағдарлама тақы­ры­бы буддизмнің негізін қалаушы – Буд­да­ның төңірегінде өрбіген. Сондағы басты мақсат елге туристерді көптеп тарту екен. Раби Ламикханенің айтуынша, ол жер шарының көптеген елді мекендерінде сая­хаттаған, бірақ Непалдың қайда екенін көпшілік білмейтінін байқапты. Сондықтан осындай шара арқылы Будданың Непалда дүниеге келгенін айтып жеткізуді дұрыс деп ұйғарған. Телешоуға қатысуға маоисттік көтерілісшілердің экс-лидерінен бас­тап, Үндістанның Непалдағы елшісі сияқты 100-ден астам адам барыпты. Ұйым­дас­ты­рушылардың мәлімдеуінше, жүргізуші тура эфир кезінде тамақтанып, энергетикалық сусын ішіп отырған. Сондай-ақ әр сағаттың басында оған аздап тынығып алуға рұқсат беріліпті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!