Массачусетсте полицейді атып кетті

Фотография - Массачусетсте полицейді атып кетті

Массачусетс штатында Массачусетс технология институтының кампусында жұмаға қараған түні белгісіз кісі полицияға оқ атып, мерт қылды

115 0

Массачусетс штатында Массачусетс технология институтының кампусында жұмаға қараған түні белгісіз кісі полицияға оқ атып, мерт қылды. Reuters агенттігінің хабарлауына қарағанда, полицей кампус айналасын қарауылдап жүрген.

Массачусетс штаты полициясының өкілі Дэвид Прокопионың айтуынша, полицияға кімнің не себептен оқ атқаны әзірге белгісіз.

15 сәуірде осы штаттың Бостон қаласында марафон кезінде екі жарылыс болып,  3 адам қаза тапқан еді. Бірақ Прокопио полицияның өлімі мен Бостондағы жарылыстың байланысы барына сенімді емес екенін айтады.

Штат полициясы оқ атқан адамды іздеуге кірісті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!