Қытайда бір ауылдың доңыздары мен иттері түгелдей дерлік қырылып қалды

Фотография - Қытайда бір ауылдың доңыздары мен иттері түгелдей дерлік қырылып қалды

Қытайдың Хэнань провинциясындағы бір ауылына кіретін жол жабылды. Мұнда белгісіз себептермен бір күн ішінде елдімекеннің барлық иттері мен доңыздары қырылып қалған

129 0

Қытайдың Хэнань провинциясындағы бір ауылына кіретін жол жабылды. Мұнда белгісіз себептермен бір күн ішінде елдімекеннің барлық иттері мен доңыздары қырылып қалған. Бұл жайында ВВС хабарлайды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Догтун деревнясында410 доңыз бен 122 иттің мәйіті табылған. Бүгінге дейін белгілі болғандай, малдардың жаппай өлуі Қытайда белең алған құс тұмауына еш қатысы жоқ. Құқық қорғаушылар болса қазір ауыл маңындағы химиялық зауытты тексеруге алды. Өйткені жергілікті тұрғындар бар бәлеге кінәлі осы өнеркәсіп орнынан шығып жатқан түтін дегенді айтып отыр.

"Өлген хайуандардың мәйіті ауылдың барлық жерінен табылды. Олар еш себепсіз, бір сәтте арам қатқан" дейді қытайлық журналдардың біріне сұхбат берген жергілікті тұрғындардың бірі.

Ал, өзге тұрғындар болса апта басында зауыт маңынан келген ащы иісті сезгендерін айтады.

Айта кетейік, өткен жылы Шанхай өзендерінің бірінен 16 мың доңыздың мәйіті табылған болатын. Сала мамандары жануарлардың неліктен бұлайша қырылып қалғанын әлі тапқан жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!