Арнасынан асқан Даугава өзені Латвияның бір қаласын толығымен басып қалды

Фотография - Арнасынан асқан Даугава өзені Латвияның бір қаласын толығымен басып қалды

Даугава өзені арнасынан асып, Ригадан 100 шақырым жерге орналасқан Плявиняс қаласын басып қалды

357 0

Даугава өзені арнасынан асып, Ригадан 100 шақырым жерге орналасқан Плявиняс қаласын басып қалды. Бұл туралы Латвияның Мемлекеттік өрт-құтқару қызметіне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.

Даугава өзенінің суы 163 сантиметрге көтеріліп, қаланың орталығы мен маңы толығымен су астында қалды. Синоптиктердің болжамынша, су деңгейі бүгінгі күн бойы тағы да 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге ақпарат жоқ. Плявиняс қаласының халқын қауіпсіз жерге көшіру үшін қосымша күш келуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!