ЕҚЫҰ Сербия мен Косово арасындағы тарихи келісімді құптайды

Фотография - ЕҚЫҰ Сербия мен Косово арасындағы тарихи келісімді құптайды

 ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, Украина СІМ басшысы Леонид Кожара мен ЕҚЫҰ бас хатшысы Ламберто Заньер 19 сәуірде Брюссельде қол жеткізілген Сербия мен Косово арасындағы тарихи келісімді құптайды

196 0

 ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, Украина СІМ басшысы Леонид Кожара мен ЕҚЫҰ бас хатшысы Ламберто Заньер 19 сәуірде Брюссельде қол жеткізілген Сербия мен Косово арасындағы тарихи келісімді құптайды.

Бұл туралы ЕҚЫҰ баспасөз қызметі хабарлады.

ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы бұл келісімді «аймақтағы қатынастар мен тұрақтылықты қалпына келтірудегі маңызды қаадам» деп атады.

«Бұл жаңа тараудың басы, мен осы диалогтың жалғасуын қолдаймын, ол Косоводағы барлық қауымдардың өмірін жақсартады», - деді украин сыртқы саясат ведомствосының басшысы Л.Кожара.

ЕҚЫҰ бас хатшысы Л.Заньер қол жеткізілген келісімді «тарихи» деп атады және оны тиімді жүзеге асыруға шақырды.

Еске сала кетейік, Брюссельде Сербия мен өзін-өзі жариялаған Косовоның премьер-министрлері Ивица Дачич пен Хашим Тачи  Косоводағы серб қауымдарының (муниципалитеттерінің) қызметі туралы келісімді мақұлдады, бұған ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның араағайындығымен қол жеткізілді. Келісім Сербия мен Косово арасындағы қатынастарды қалпына келтіруде маңызды қадам ретінде қарастырылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!