Қытайдағы жер сілкінісі құрбандарының саны 72-ге жетті

Фотография - Қытайдағы жер сілкінісі құрбандарының саны 72-ге жетті

Қытайдағы Сычуань провинциясындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 72-ге жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апаттан кем дегенде 600 адам зардап шеккен

299 0

Қытайдағы Сычуань провинциясындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 72-ге жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апаттан кем дегенде 600 адам зардап шеккен, деп хабарлады CCTV News-ке сілтеме жасай отырып Channel News Asia телеарнасы. 

Бұғанға дейін жер сілкінісінен 28 адам қаза болып, 100 адам жараланды деген ақпарат болған. Магнитудасы 7.0-ке жететін жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы 8-ге таман болды. Ол кезде көбі ұйықтап жатқан. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі 12 шақырымға жеткен. Бұрын хабарланғандай, жер асты дүмпулері шығысқа қарай жүздеген шақырым жерде орналасқан 30 млн адам тұратын Чунцин мегеполисінде де сезілген. Жер сілкінісінің ошағы Чэнду қаласынан 100 шақырым жердегі Лушань уезінде орналасқан. Табиғи апаттан зардап шеккендер мен құрбандар саны күн санап өсіп келеді. Оқиға орнында екі мың құтқарушы мен әскери қызметкер жұмыс істеуде.

Ақпарат Bnews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!