Николас Мадуро Венесуэла президентінің лауазымына кірісті

Фотография - Николас Мадуро Венесуэла президентінің лауазымына кірісті

Венесуэланың Ұлттық ассамблеясында елдің сайланған президенті Николас Мадуроны ұлықтау рәсімі өтті

129 0

Венесуэланың Ұлттық ассамблеясында елдің сайланған президенті Николас Мадуроны ұлықтау рәсімі өтті.

Аталған салтанатты шараға Бразилия, Куба, Колумбия, Иран және басқа мемлекеттердің басшылары қатысты.

ВВС мәліметіне қарағанда, Каракас көшелерінде жаңа президентті қолдау мақсатында мыңдаған адамдар жиналды. Айта кетейік, Николас Мадуро сайлауға наурызда қайтыс болған Уго Чавестің ізбасары ретінде қатысты.

Ресми деректерге қарағанда, Мадуроға сайлаушылардың 50,8 пайызы дауыс берді, ал оның бәсекелесі, яғни оппозиция өкілі Энрике Каприлес 49,1 пайыз деңгейінде дауыс жинады.

Жақында Венесуэла оппозициясы ресми түрде дауысты қайта есептеуді талап еткен болатын. Аталған елдің Жоғарғы соты бұдан бұрын бюллетеньдерді қолма-қол қайта есептеудің негізі жоқ екенін мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!