Жапондық «Хонда» автоконцерні АҚШ-тан 200 мыңнан астам автокөлігін қайтарып алмақ

Фотография - Жапондық «Хонда» автоконцерні АҚШ-тан 200 мыңнан астам автокөлігін қайтарып алмақ

Жапондық «Хонда» автоконцерні (Honda Motor Co.) көліктерінен ақаудың пайда болуынан АҚШ-тан 200 мыңнан астам автокөлігін қайтарып алу туралы шешім қабылдады

154 0

Жапондық «Хонда» автоконцерні (Honda Motor Co.) көліктерінен ақаудың пайда болуынан АҚШ-тан 200 мыңнан астам автокөлігін қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін компания өкілдері хабарлады, деп ақпарат таратты ИТАР-ТАСС.

Қайтарылатын автокөліктердің қатарында 2012-2013 жылдар аралығында шыққан «Си-эр-ви» /C-RV/ және "Акура" /Acura RDX/ кроссоверлері мен "Одиссей" /Odyssey/ минивэндері бар. Олардың қайтарылуына автоматты беріліс қорабындағы ақау себеп болған. Төменгі температураларда анықталған ақау тежегіш педалі мен көліктің қозғалысындағы проблемаларға әкелуі мүмкін. Бір айта кететіні, аталмыш жаңалық Бостондағы лаңкестік оқиғамен тұспа тұс келіп отыр. Еске сала кетсек, лаңкестікке қатысы бар деген басты күдікті Д.Царнаевтың көлігінің маркасы Honda CRV болған

Ақпарат Bnews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!