Джорджо Наполитано екінші мәрте Италия президенті болып сайланды

Фотография - Джорджо Наполитано екінші мәрте Италия президенті болып сайланды

 Италияның Президенті болып 87 жастағы Джорджо Наполитано екінші мәрте сайланды.

158 0

 Италияның Президенті болып 87 жастағы Джорджо Наполитано екінші мәрте сайланды.

Сайлаудың алтыншы кезеңінде Парламенттің қос палатасы мемлекет басшысын жақтап, дауыс берген. Италияның тізгінін ұстаған президенттің жеті жылдық мерзімі мамырдың 15-сі аяқталуы тиіс еді. 1007 сайлаушының басым бөлігі қазіргі президентті жақтайды. Алайда, сайлаудың ресми нәтижесі жарияланған жоқ. Бұл елде президент сайлауы бейсенбі күні парламентте басталған болатын, оның алғашқы бес туры нәтижесіз болды. Сондықтан келесі кезеңде, жеңімпаз тек қана көпшіліктің дауысына ие болу керек еді.

Айта кетер жайт, Наполитано Италия тарихында, президенттікке екі мәрте сайланған алғашқы үміткер болып отыр, деп хабарлайды 24.kz.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!