Зубейдат Царнаева: «Екі ұлыма жала жабылды»

Фотография - Зубейдат Царнаева: «Екі ұлыма жала жабылды»

Бұл туралы оның анасы Зубейдат Царнаева телефон арқылы болған сұхбатында айтты.

132 0

Федералды тергеу бюросы 5 жыл бойы Темірлан Царнаевты сыртынан бақылап келген.

Бұл туралы оның анасы Зубейдат Царнаева телефон арқылы болған сұхбатында айтты.

Әйелдің сөзіне қарағанда, оның ұлдары тергеу бюросының каһарына ілікті. Арнайы қызмет мамандары Темірланды экстремистік топтың көшбасшысы санап, оның әрбір қадамын бақылауға алған. Зубейдат ұлын жақтай келе, Темірланның ислам дінін ұстанып, дінаралық саясатқа араласқанын айтады. Естеріңізде болса, Темірлан мен оның інісі Джохарға «Бостонда жарылыс ұйымдастырды» деген айып тағылды. 26 жастағы Темірлан құқық қорғаушылармен арада болған атыс барысында қаза тапты. Інісі қазір ауыр халде ауруханада жатыр.

«Федералды тергеу бюросының қызметкерлері баламның әр қадамын бақылауға алды. Сонда олар жарылысты қалай жіберіп қойған. Бұл өтірік сөз! Менің екі ұлыма жала жабылды. Олар кінәлі емес», дейді күдіктілердің анасы Зубейдат Царнаева.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!