5 жазар қыздың зорлануына байланысты Нью-Делиде наразылық шеруге өтуде

Фотография - 5 жазар қыздың зорлануына байланысты Нью-Делиде наразылық шеруге өтуде

«Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кішкентай қыз 40 сағат бойы қорлық көрген. 

215 0

Үндістан тұрғындары 5 жасар қыздың өмірі үшін алаңдаулы. «Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кішкентай қыз 40 сағат бойы қорлық көрген. 

Енді жәбірленушіге бірнеше операция қажет. Оқиға Нью-Дели көшесінде наразылық шарасын ұйымдастыруға түрткі болды. Жергілікті тұрғындар ғибадатханаларға барып, қыз өмірінің аман қалуын тілеуде. Ал «қылмыскер жазасын алу керек» дейді халық. Полицей Шығыс Бизар штатында күдіктіні қолға түсірді. Ол – 22 жастағы сол елдің тұрғыны. Алдын ала болжамдар бойынша, жігіт бүлдіршіннің үйінде арам ойын жүзеге асырған. Кейін ізін суытып, жауапкершіліктен жалтарып кетпек болады. Алайда оны Нью-Делиден ұшып кетпек болған жерінен тұрғындар ұстап, полицейге тапсырған.

Абхиная, Гуджарат штатының тұрғыны:

- Біз зорлықтан жапа шеккен бес жасар қызбен болған жағдайға бей-жай қарай алмаймыз. Ол жақын арада сауығып кетеді деп сенемін.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!