Қытайдың Сычуань провинциясында 850 жер асты дүмпуі тіркелді

Фотография - Қытайдың Сычуань провинциясында 850 жер асты дүмпуі тіркелді

Өткен тәулікте болған жойқын жер сілкінісінен кейін 846 жер асты дүмпуі қайталанды

146 0

Бүгін Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 5,0-ге жететін жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:53-те Сычуань провинциясындағы Цюнляй және Лушань уездерінің шекарасында болды. Бұл туралы Қытай сейсмология қызметі хабарлады.

Өткен тәулікте болған жойқын жер сілкінісінен кейін 846 жер асты дүмпуі қайталанды. Олардың ішінде 3,0 магнитудасымен 57 және 5,0-5, магнитудасымен екі жер асты дүмпуі болды. Бұл құтқарушылардың жұмысын қиындатуда.


Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 161 адам қаза болып, 5 мыңнан астам адам жарақаттанды. Жер сілкінісі болған аумақта 7,5 мың әскери қызметкер мен 5 мың полицей жұмылдырылған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

жер сілкінді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!