Қытайда құс тұмауын жұқтырғандар 102 адамға жетті

Фотография - Қытайда құс тұмауын жұқтырғандар 102 адамға жетті

Қазіргі уақытта H7N9 құс тұмауын жұқтырғандар саны 102 адамға жетті, олардың арасында 20 адам осы дерттен көз жұмған

117 0

Қазіргі уақытта H7N9 құс тұмауын жұқтырғандар саны 102 адамға жетті, олардың арасында 20 адам осы дерттен көз жұмған, деп хабарлайды Синьхуа.

Сондай-ақ 12 адам бұл дерттен аман-есен айығып шыққан. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау және бала тууды жоспарлау мемлекеттік комитеті хабарлап отыр.

Агенттіктің ұсынған мәліметтері бойынша, сенбі күні сағат 16.00-ден жексенбі күнгі сағат 16.00-ге дейін алты адам H7N9 вирусын жұқтырып үлгерген. Оның ішінде бір адам Цзянсу провинциясында, бес адам – Чжэцзян провинциясында.

Бейжіңде, соңғы мәліметтерге сәйкес, бір адам аталмыш дертті жұқтырып алған, Шанхайда 33 жағдай тіркелді, Цзянсу провинциясында – 24, Чжэцзян провинциясында – 38, Аньхойда – 3, Хэнаньда – 3.

Шанхайда вирустан 11 адам көз жұмды, Цзянсуда – 3, Аньхойда – 1, Чжэцзянда – 5.

Бұл вирустың адамнан адамға жұғу жағдайы әлі теркелмеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!