Бір жынысты негекені рұқсат ететін заң үшін Франция парламентінде төбелес шыға жаздады

Фотография - Бір жынысты негекені рұқсат ететін заң үшін Франция парламентінде төбелес шыға жаздады

Парламенттегі оппозиция өкілдері Францияның әділет министрі Кристин Тобираны жағадан алып, жұдырық серместі.

215 0

«Жалпыға ортақ неке» деген заң жобасын талқыға салған Франция билігі төбелесіп қала жаздады. Парламенттегі оппозиция өкілдері Францияның әділет министрі Кристин Тобираны жағадан алып, жұдырық серместі.

Гомосексуалистердің құқығын теңестіретін аталған құжатты егжей-тегжей тексеріп шығуды ел президенті Франсуа Олланд осы Тобираға тапсырғанг болатын. Заң толық күшіне енген кезде Францияда гомосексуалистер өзара отау құрып, заңды түрде бала асырап алуға құқылы болады.

Биліктің бұл қадамына тұрғындармен бірге оппозиция өкілдері де қарсы. Аталған бастама көтерілгелі бері елде көптеген шерулер мен қарсылық акциялары жалғасып келеді. Жарты жыл бұрын ұсынылған заң жобасын ақпан айында Ұлттық жиын депутаттарының басым бөлігі қолдап, сәуірде сенаторлар да оны мақұлдады. Енді, соңғы дауыс беру шарасы 23 сәуірде өтеді.


Тегтер:

Франция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!