БҰҰ: Сирия қалпына келу үшін ондаған жыл керек

Фотография - БҰҰ: Сирия қалпына келу үшін ондаған жыл керек

Сирия билік пен оппозиция арасындағы қарулы қақтығыс пен қанқұйлы жанжалдың залалы мен зардабын ондаған жыл тартатын болады.

194 0

Сирия билік пен оппозиция арасындағы қарулы қақтығыс пен қанқұйлы жанжалдың залалы мен зардабын ондаған жыл тартатын болады.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарма өкілі Джон Гинг аймақтарды аралап келгеннен кейін журналистерге осындай мәлімдеме жасады, деп жазады muslim.kz.

«Сирияны қалпына келтіру үшін ондаған жыл кетеді. Танк және артиллерия секілді әскери ауыр техникамен жүргізілген ұрыстан тұрғын үйлер мен қала аудандары үйіндіге айналған. Тұрғын үйлер жамап-жасқауға, жөндеуге келмейтіндей болып, қирап, бүлінген. Оларды сүріп тастап, жаңасын салу керек», - деді ол.

Оның айтуынша, инфрақұрылымнан түк қалмаған: зауыттар мен кеңселер талан-таражға түсіп, білім ошақтары мен ауруханалар жұмыс істемейді. 2011 жылы билікке қарсы қозғалыс пайда болған Дераа қаласындағы жағдай мен елдегі азаматтық соғысқа дейін Сирияның экономикалық астанасы саналатын Алеппо шаһарындағы жағдай мүлдем сын көтермейді.

Алеппо екіге бөлінген десе де болады: билік қарамағындағы бөлігінде дүкен сөрелерінен аса қажетті заттарды табуға болады әрі күніне бірнеше сағатқа электр қуаты беріледі.  Ал өзге аудандар гуманитарлық апаттың алдында тұр. «Онда телефон, қалта телефоны байланысы үзілген. Су тек бірнеше күннен кейін ғана беріледі», - деді ол сөзін толықтырып.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!