Джохар Царнаевқа айып тағылды

Фотография - Джохар Царнаевқа айып тағылды

15 сәуірде Бостонда марафон кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланған еді.

314 0

АҚШ-тың әділет министрлігі Бостонда жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаевқа "жаппай қырып-жоятын қару қолданды", және "қауіпті жарылғыш заттармен өзгенің мүлкін зақымдады" деген ресми айып тақты. Егер кінәсі дәлелденсе, күдікті өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Ресми айып Джохар Царнаев Бостонда ауруханада ауыр халде жатқан кезде тағылды. Царнаев 19-сәуірде Бостон маңында арнайы операция кезінде ұсталған еді. Одан бір күн бұрын оның ағасы, жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаев полициямен атыста оққа ұшқан.

15 сәуірде Бостонда марафон кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланған еді.

Дүйсенбіде Массачусетс штатының Бостон және басқа да қалаларында жарылыстан қаза тапқандарды үнсіздікпен еске алды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!