Шешенстан басшысы спорт министрін жұдырықпен жазалады

Фотография - Шешенстан басшысы спорт министрін жұдырықпен жазалады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров спорт министрі Саламбек Исмаиловты рингке сппарринг қарсылас ретінде шығарып жазалады

163 0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров спорт министрі Саламбек Исмаиловты рингке сппарринг қарсылас ретінде шығарып жазалады.

22 сәуір күні Қадыров Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрлігіне сапарлай келген көрінеді. Мекеме ғимаратының жағдайына басшының көңілі толмайды. Бұл олқылықты жою үшін ол министрлікке екі апта уақыт береді. Сосын «жаза» ретінде министр С.Исмайловқа рингке өзімен спарринг қарсылас ретінде шығуды бұйырады.

«Біздің диалог (дұрысы спарринг) кезінде мен оған баспен жұмыс істеу керек екенін жұдырықпен түсіндірдім. Өзінің қателіктерін министр бүгінгі кештен бастап түзете бастады, сондықтан да оған шлем киюге рұқсат еттім. Өйткені оның ертең жұмыс істеуі керек қой», -деп жазды Қадыров Instagram-дағы парақшасында.

Дереккөзінің жазуынша, Исмайловты «жазалау» шарасын Ресейдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин мен Шешенстанның еңбек министрі Мохмад Ахмадов көріп тұрған.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!