АҚШ азаматы кірпіштің сынығына бола 12 жылға сотталуы мүмкін

Фотография - АҚШ азаматы кірпіштің сынығына бола 12 жылға сотталуы мүмкін

АҚШ азаматы Түркиядан қалтасына кірпіштің сынығын салып әкетпек болғаны үшін 12 жылға сотталуы мүмкін

370 0

АҚШ азаматы Түркиядан қалтасына кірпіштің сынығын салып әкетпек болғаны үшін 12 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Жас Алаш.

Жақында Анталияның оңтүстiк жағалауына 30 жастағы АҚШ азаматы демалуға барады. Ол да көптеген саяхатшылар секiлдi теңiз жағалауынан түрлi-түстi тастар жинауға әуес екен. Сувенир ретiнде. Бiрақ елiне қайтарда оны ұшаққа отырғызбайды. Себебi әуежай кеденшiлерi оның жолжүгiнен кiрпiштiң және мәрмәрдiң үш бұрышты сынығын тауып алады. Түркияның заңы бойынша, бұлар – тарихи құндылық. Мұндай заттарды басқа мемлекетке алып шығуға болмайды. Ендi әлгi АҚШ саяхатшысы 12 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкiн.

2012 жылы Анталияда Ресей саяхатшысы Сиде қаласын аралап жүрiп, мрамор сынығын тауып алады. Әрине, ол да оны сувенир ретiнде үйiне алып кетпекшi болған. Бiрақ әуежай кеденшiлерi оны елiне жiбермейдi. Ресей саяхатшысы да 1 жыл 15 күнге түрмеге қамалған едi. Сондықтан әр мемлекетке саяхат­қа барғанда, сол елдiң заңын бiлген дұрыс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!