Ливияда Франция елшілігіне шабуыл жасалды

Фотография - Ливияда Франция елшілігіне шабуыл жасалды

Триполидегі (Ливия) Франция елшілігінде бүгін жарылғыш зат тиелген көлік жарылып, екі адам жараланды

105 0


Триполидегі (Ливия) Франция елшілігінде бүгін жарылғыш зат тиелген көлік жарылып, екі адам жараланды.

Reuters агенттігі таратқан соңғы ақпаратқа қарағанда, жарылыстан елшіліктің екі француз күзетшісі жараланған. Ғимараттың қоршауы мен бір жақ керегесіне кәдімгідей зақым келген. Елшілікке шабуылдың не мақсатпен жасалғаны әзірге белгісіз. Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус жарылысты айыптап, министрліктің Ливия үкіметімен бірге жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ливиядағы шетел елшіліктеріне бұған дейін де шабуылдар жасалған еді. Оның ішіндегі ең ірісі - өткен жылы күзде АҚШ елшілігіне жасалған шабуылда Құрама Штаттардың осы елдегі елшісі мен үш америкалық азамат қаза тапқан.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!