Голландияда "Ресейге тыңшылық жасаған" шенеунік сотталды

Фотография - Голландияда "Ресейге тыңшылық жасаған" шенеунік сотталды

Олардың арасында Ливиядағы жағдайға қатысты, Еуропа Одағының Грузия, Косово және Ауғанстандағы миссиялары туралы ақпараттар болған

286 0

Нидерланд (Голландия) соты сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкерін Ресейге тыңшылық жасады деп айыптап, 12 жылға соттады. France Press агенттігінің хабарлауынша, сот 61 жастағы Раймонд П. есімді қызметкерді Мәскеуге бірнеше жыл бойы құпия құжаттарды беріп келді және онысы үшін 94 мың АҚШ долларын алған деп тапты.

Сотталушы 2012 жылы ішінде құпия ақпараттары бар төрт ақпарат тасымалдаушы құрылғысымен (USB) ұсталған еді. Олардың арасында Ливиядағы жағдайға қатысты, Еуропа Одағының Грузия, Косово және Ауғанстандағы миссиялары туралы ақпараттар болған.

Раймондқа қатысты тергеу екі ресейліктің голландиялық шенеуніктерден алынған ақпаратты өңдеді деп тұтқындалғанынан соң басталған еді. Олар қазір Штутгарт қаласында 1988 жылдан бері СССР мен Ресейге тыңшылық жасап келді деген айып тағылып, сотқа тартылып жатыр. Олардың ісі АҚШ федералды тергеу бюросы ресейлік тыңшы Анна Чапманді тексеру кезінде анықталған ақпараттар негізінде қозғалған еді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!