Хакерлер Обама туралы жалған ақпарат таратты

Фотография - Хакерлер Обама туралы жалған ақпарат таратты

Агенттіктік аккаунтын бұзып кіргенін өзін "Сирияның электронды армиясы" деп атаған топ мойнына алды.

158 0

Хакерлер Associated Press агенттігінің Twitter-дегі аккаунтын бұзып кіріп, оған Ақ Үйде жарылыс болғаны және оның салдарынан Барак Обаманың жараланғаны туралы жалған ақпарат ілді. Агенттік осыдан соң бірнеше минут бойы хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлап, аккаунтын жауып тастады. Қазір аккаунтты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Ақ Үй өкілі Джей Карней журналистерге Барак Обаманың қал-жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Обаманың жараланғаны туралы жалған ақпарат тарай сала қор нарықтарында акция бағалары бір сәтке арзандап кетті.

Агенттіктік аккаунтын бұзып кіргенін өзін "Сирияның электронды армиясы" деп атаған топ мойнына алды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!