Қытайда лаңкесшілерді тұтқындау кезінде 20-дан астам адам мерт болды

Фотография - Қытайда лаңкесшілерді тұтқындау кезінде 20-дан астам адам мерт болды

Қытайдың солтүстік батысындағы лаңкестік топты құрықтау барысында 21 адам қаза тапқан, оның ішінде тәртіп сақшылары да бар

147 0

Қытайдың солтүстік батысындағы лаңкестік топты құрықтау барысында 21 адам қаза тапқан, оның ішінде тәртіп сақшылары да бар,

деп хабарлайды Росбалт. ру.

"Чжунго синьвэнь" агенттігінің мәліметіне қарағанда, тұтқындау операциясы ШҰАР-дың батысындағы Бачу уезінде өтті.

Жергілікті әлеуметтік қызметкерлер тәртіп сақшыларына қоңырау шалып, оларға қарасты ведомстволық үйдің аумағында тұратын адамдар күдік туғызғанын айтқан. Қылмыскерлердің қаруланғаны да жоққа шығарылмады.

Ұстау әрекеті барысында 21 адам ажал құшты. Олардың жартысынан астамы - полиция қызметкерлері және бейбіт тұрғындар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!