Гоа жағажайларында ішімдік ішуге тиым салынды

Фотография - Гоа жағажайларында ішімдік ішуге тиым салынды

Саяхатшыларының қызығушылығын арттырып отырған Үндістандағы Гоа штатының туризм бойынша департаменті ластануды болдырмау және қауіпсіздікпен  қамтамасыз ету үшін жағажайларда алкогольді ішімдіктерді ішуге тиым салды

184 0

Саяхатшыларының қызығушылығын арттырып отырған Үндістандағы Гоа штатының туризм бойынша департаменті ластануды болдырмау және қауіпсіздікпен  қамтамасыз ету үшін жағажайларда алкогольді ішімдіктерді ішуге тиым салды.

Департаменттің мәліметіне қарағанда, осы аймақта тәулік бойы қауіпсіздікті қадағалайтын үнділік резервтік полиция батальонына  бұйрық берілген. Сондай-ақ, жағажайда шыны құтылардағы ішімдіктерді алып жүруге рұқсат етілмейді. Себебі, оның сынықтарынан  жарақаттанған туристер аз болмай отыр.

Тәртіп сақшылары сыпайы түрде демалушыларға ішімдік пен шыны құтыларды жағажайға әкелмеуді ескертеді, ал оған құлақ аспағандардың өнімі тәркіленеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!