Хамит Карзай исламға жат, ұятсыз фильмдерді ел аумағында көрсетуге тыйым салды

Фотография - Хамит Карзай исламға жат, ұятсыз фильмдерді ел аумағында көрсетуге тыйым салды

Ауғанстанның екі тізгін, бір шылбырын қолына ұстаған Хамит Карзай осындай жарлық шығарды

195 0

Ауғанстанның екі тізгін, бір шылбырын қолына ұстаған Хамит Карзай осындай жарлық шығарды. Бұл жайында ел министрлер кеңесінің іс-әрекетіне жауапты басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының мұндай қадамға баруына Улемдер мен діндарлардың жоғарғы кеңесі түрткі болды. Діндарлар Хамит Карзайға жазған хаттарында кейбір мемлекеттік қызметкерлердің ішімдік ішіп, есірткі шегетінін және бірқатар дүкен сөрелерінде доңыз етінің сатылатынын баяндаған. Олар, сондай-ақ, теледидардан ұлттық салт-дәстүр мен ислам талаптарына қайшы келетін фильмдер мен хабарлардың көрсетілетінін тілге тиек еткен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын аталмыш кеңес исламды қаралайтын хабарлар мен фильмдерді эфирге шығаратын жекеше телеарналармен күрес жүргізудің қажеттілігін алға тартқан болатын. Қызық болғанда, мойны мен қолын жалаңаштаған әйелдер түскен үнді фильмдері де қосақ арасында кете жаздады. Алайда, сол жолы олардың бұл бастамасы орта жолдан тоқтап қалған болатын.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!