БАӘ-нің халал өнімдері Африкаға жол тартпақ

Фотография - БАӘ-нің халал өнімдері Африкаға жол тартпақ

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) халал тағам индустриясының өкілдері Африкадағы халал нарығын кеңейту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр әрі осы құрлықтағы бірқатар елде тағамды жылдам дайындайтын Al Farooj Fresh мейрамханалар желісін ашуды көздеп отыр

314 0

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) халал тағам индустриясының өкілдері Африкадағы халал нарығын кеңейту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр әрі осы құрлықтағы бірқатар елде тағамды жылдам дайындайтын Al Farooj Fresh мейрамханалар желісін ашуды көздеп отыр.

«Африка өркендеп келеді. Онда ауыл шаруашылығы мен өзге де салалар алға басып, жанданып келеді. Мен Африка төңірегінде сөз қозғағанымда тек Оңтүстік Африка турасында ғана емес, сонымен қатар, бүкіл құрлық жайын айтамын», – деді Al Islami Foods-тың меңгеруші директоры Салех Абдулла Лута.

«Біз өндірісте, өңдеу саласында, тіпті, ауыл шаруашылығында әріптестіктің қандай түрлерін орнатуға болатынын білу үшін түрлі тараптармен келіссөз жүргізетін боламыз», – деді ол сөзін толықтырып.

Al Islami мейрамханасы Ливияда ашылып үлгерді. Аталмыш компания бұл елдің нарығына 2011 жылғы революциядан кейін жол салған болатын. Салех Абдулла Лутаның сөзіне қарағанда, Ливиядағы бизнестері жылдам дамып келеді.

«Біз мұндайды күткен жоқ едік. Онда осындай мүмкіндікке ие болғанымызға таңғалып отырмыз»,– деді топ-менеджер.

Алдағы он жылдың ішінде Al Islami Foods Африка аумағында халал тағам өнімдерінің өнідірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Компания өкілдері осы мақсатта Джибутидегі, Эфиопиядағы және Оңтүстік Африкадағы әріптестерімен келіссөз жүргізіп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!