Сирияда 12-ғасырда салынған мұнара бұзылды

Фотография - Сирияда 12-ғасырда салынған мұнара бұзылды

Алеппода (Сирия) 12-ғасырда салынған мешіттің мұнарасы бұзылды. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан Омеядтар дәуіріне жататын сүнниттік мешіт ЮНЕСКО-ның қорғауына алынып, әлемдік мәдени мұра деген мәртебе берілген еді

244 0

Алеппода (Сирия) 12-ғасырда салынған мешіттің мұнарасы бұзылды. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан Омеядтар дәуіріне жататын сүнниттік мешіт ЮНЕСКО-ның қорғауына алынып, әлемдік мәдени мұра деген мәртебе берілген еді.

Мешіт орналасқан ауданда үкімет әскері мен өздерін көтерілісшілер деп атайтын топтар арасында бірнеше ай бойына кескілескен шайқас жүріп келеді. Қақтығыстар барысында мешіт бірде үкімет әскерінің, бірде көтерілісшілердің қолына өтіп отырды. 

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары мешіт мұнарасын оппозициялық топтар қиратты деп хабарлады. Бірақ оппозициялық топтар оны үкімет күштерінен көреді. Мешітке соңғы бір аптада осымен екінші рет зақым келіп отыр.

Сирияда мешіттер алғаш үкіметке қарсы шерулер басталғанда демонстранттардың табан тірейтін жері болған еді. Кейін үкімет әскері мешіттерді де нысанаға ала бастады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!