Имам Тамерлан Царнаевтің жаназасын шығарудан бас тартты

Фотография - Имам Тамерлан Царнаевтің жаназасын шығарудан бас тартты

Бостон қаласындағы мешіттердің бірі Тамерлан Царнаевтің жаназасын шығарудан бас тартты дейді лаңкестің туыстары. Алайда, мешіттегілер Царнаевтар отбасынан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ дегенді айтып отыр

227 0

Бостон қаласындағы мешіттердің бірі Тамерлан Царнаевтің жаназасын шығарудан бас тартты дейді лаңкестің туыстары. Алайда, мешіттегілер Царнаевтар отбасынан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ дегенді айтып отыр. Бұл жайында NBC News хабарлайды.

Тамерланның әпкесі Патимат Сүлейменованың айтуынша, бүгінде оның мәйіті туыстарына берілген. Дегенмен, нақты қай мешіттің бас тартқандығын Сүлейменова айтқан жоқ. Тек, Тамерланның жиі баратын мешіті деумен ғана шектелді. Журналистер болса бұл Кембридждегі діни орталық болуы мүмкін дегенді айтып отыр. Өйткені, Царнаев уақытының көп бөлігін осы жерде өткізген екен.

Бұдан бұрын Бостондағы бас мешіттің өкілі Талал Эйд хабарлағандай, дін өкілдері лаңкесті мұсылман деп есептемейді және оның мәйітін ислам дәстүрлері бойынша жерлеуден бас тартпақ. Ал, Тамерланның денесін Дагестанға жеткізу мәселесі әлі қарастырылып отырған жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!