Қытай генералдары мансабынан айырылып, қатардағы сарбазға айналмақ

Фотография - Қытай генералдары мансабынан айырылып, қатардағы сарбазға айналмақ

Олардың сарбаз ретіндегі қызметі 15 күн ғана болмақ

241 0

Қытайдың мемлекет басшысы әрі бас қолбасшысы Си Цзиньпин қытай армиясының жоғары әскери  басшылары уақытша қатардағы жауынгер деңгейіне дейін төмендетілетіні жөнінде жарлық шығарды, деп жазады lenta.ru қытайдың таңертеңгілік газетінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Олардың сарбаз ретіндегі қызметі 15 күн ғана болмақ. Екі апта ішінде  лауазымды әскери қызметкер қатардағы сарбаздармен бірге казармада тұрып, солар секілді қызмет істеуі тиіс. Тіпті мансабы түскен әскери осы уақытта тұрағы мен тамағының шығынын өз қалтасынан төлеуі керек екен. Басшылардың төмен дәрежелі сарбаз ретінде қызмет атқаратын бөлімнің қызметіне араласуына тыйым салынған.

Мансабына қарай әскерилер 3-4 не 5 жыл аралықта бір рет осылай сынақтан өтеді. Басылым «Си Цзиньпин осындай шараға әскердің тәртібін жақсартып, қуатын арттыру үшін барып отыр», деп жазады.

Қытайдағы әскери  сарапшылар осындай жолмен әскердегі жемқорлықты, тәртіпті түзетіп, мансаптылар мен қатардағы әскерилер  арасындағы қарым-қатынасты жақсартпақ, деп отыр. Өйткені, көптеген әскери басшылар тамыр-таныс арқылы жоғары лауазымға ие болғандықтан, қатардағы қызметкерлердің өмірі туралы хабарсыз екен.

Бір қызығы 1958 жылы  Мао Цзедун да осындай жарлық шығарған екен. Ол әскери  басшылар бір ай бойы жаяу әскер сапында жүруі тиіс деп бұйырған. Осылайша Цзедун көптеген «ақсаусақ» әскери  басшыларды армиядан кетіріп, әскерилерді өз бақылауына алған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!