Жыл сайын әлемде 270 млн адам өндірісте жарақат алады

Фотография - Жыл сайын әлемде 270 млн адам өндірісте жарақат алады

Жыл сайын әлемде 270 млн адам өндірісте жарақат алады

167 0

Жыл сайын әлемде 270 млн адам өндірісте жарақат алады. Бұл жөнінде бүгін Астанада өтіп жатқан өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшінші халықаралық конференциясы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлімдеді.

«Жыл сайын әлемде 270 млн адам өндірісте жарақат алады. 160 млн адам кәсіби ауруға тап болады. Өкінішке қарай, ондай жағдай біздің республикамызда да бар. Еңбек жағдайында жарақат алған азаматтар санының жыл сайын түсуі байқалып отыр. Мәселен, жиырма жылдың ішінде біз өндірісте жарақат алуды үш есе кеміттік. Бұл үлкен жетістік. Кәсіби ауралар жағынан, өкінішке қарай, күрделі жағдай қалыптасқан», - деді Серік Әбденов.

Министр алда еліміздегі еңбек қауіпсіздігін тиісті деңгейге жеткізуде үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Осыған орай жыл сайын еңбек қорғау ғылыми-зерттеу институтында үлкен зерттеу жұмыстарын өткізіп, еңбек қорғау мәселесінде тиісті заңнама жасап, жұмыс берушілермен бірге жұмыс жасаудамыз. Жұмыс берушілер тарапынан жыл сайын еңбек қорғауға 60 миллирдтан астам қаражат бөлінеді. Бірақ мәселелер бар. Әлі де алдымызда үлкен мақсаттар тұр», - деді министр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!