Apple басшысымен бірге кофе ішу мүмкіндігі бәссаудада сатылады

Фотография - Apple басшысымен бірге кофе ішу мүмкіндігі бәссаудада сатылады

Apple басшысы Тим Кукпен компания кеңсесінде әңгіме-дүкен құрып, кофе ішу мүмкіндігі бәссаудаға салынды

238 0

Apple басшысы Тим Кукпен компания кеңсесінде әңгіме-дүкен құрып, кофе ішу мүмкіндігі бәссаудаға салынды.

Apple компаниясының атқарушы директорымен кофе ішу «бақыты» CharityBuzz қайырымдылық аукционында сатылады. Аукционнан жиналған қаражат Роберт Кеннеди атындағы орталыққа табысталады.

Тим Кукпен кездесудің бастапқы бағасы 50 мың доллардан басталды. Бүгінде бұл сома 175 мың долларға дейін жетіп отыр. Мәлім болғандай, кездесу Калифорниядағы Apple штаб-пәтерінде болады, оған екеуден артық адам қатыса алмайды. 30 минуттан бір сағатқа дейін созылатын кездесу сатылатын аукцион 14 мамырға дейін жалғасады.

Apple басшысынан өзге Кеннеди атындағы орталыққа қолдау көрсету кампанияларын Роберт Де Ниро, Робин Уильямс және Алек Болдуин сынды Голлливуд актерлары ұйымдастырған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!