Бүгін Пәкістанда қаралы күн

Фотография - Бүгін Пәкістанда қаралы күн

Пәкістанның Карачи қаласында орын алған жойқын жарылыстан 5 адам көз жұмып, тағы сегізі түрлі дене жарақаттарын алған. Бұл жайында жергілікті телеарналар хабарлады

118 0

Пәкістанның Карачи қаласында орын алған жойқын жарылыстан 5 адам көз жұмып, тағы сегізі түрлі дене жарақаттарын алған. Бұл жайында жергілікті телеарналар хабарлады.

Қанды оқиғаны ұйымдастырған лаңкестер көлікке орнатқан жарылғыш затты шаһардағы «Муттахида Кауми қозғалысы» ғимаратының маңында іске қосқан. Бұл елдегі беделді саяси партиялардың бірі болып табылады. Ақпарат көздері аталған әрекет саяси ұйым өкілдеріне жасалған үшінші шабуыл екенін жеткізсе, билік өкілдері бұған 11 мамырда өтетін парламенттік сайлау себеп болып отыр дегенді айтуда.

Осылайша, бүгін елде қаралы күн жарияланды. Телеарналар мен радио станциялар көңіл көтеретін бағдарламаларын тоқтатып, сауда орталықтары мен оқу орындарының есіктеріне құлып салынды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!