Энрике Каприлес сайлау қорытындыларымен келіспеуде

Фотография - Энрике Каприлес сайлау қорытындыларымен  келіспеуде

Венесуэладағы оппозияция  лидері Энрике Каприлес елдің Жоғарғы сотына президент сайлауы қорытындыларының күшін жою туралы өтінішпен шағым түсірмекші

185 0

Венесуэладағы оппозияция  лидері Энрике Каприлес елдің Жоғарғы сотына президент сайлауы қорытындыларының күшін жою туралы өтінішпен шағым түсірмекші. 

Сәуірдің 14-інде өткен президент сайлауында Николас Мадуро жеңіске жеткен еді.

Оппозициялық телеарнаға берген сұхбатында Каприлес сайлау қорытындыларына келіспейтінін мәлімдеп, бойкот жариялайтынын айтқан еді.


Қарсыласынан 1,6 пайыз дауысқа жеңілген оппозиционер мұның барлығы билік тарапынан әдейі жоспарланған саясат деп отыр.

Ресми есептерге сүйенсек, Мадуро сайлау қорытындысы бойынша 50,7 % дауысқа ие болса, Каприлес 49,1% дауысты еншілеген болатын.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!