Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізуден бас тартты

Фотография - Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізуден бас тартты

Пхеньян Кэсон өнеркәсіп ауданындағы жұмыстарды қайта жаңғырту мәселесі бойынша келіссөздерді бастау туралы Сеулдің ұсынысын қабыл алмады

175 0

Пхеньян Кэсон өнеркәсіп ауданындағы жұмыстарды қайта жаңғырту мәселесі бойынша келіссөздерді бастау туралы Сеулдің ұсынысын қабыл алмады. Бұл туралы «Ренхап» агенттігі мәлімдеп отыр. 

Келіссөздерді бастау туралы ұсынысты Сеул сәуірдің 25-інде ресми түрде жолдаған болатын. Оңтүстік Корея билігі КХДР-ге келіссөздерді жаңғыртуды бастауға бір тәулік уақыт беретінін айтып, талап қойды. Келіспеген жағдайда, батыл шараларға көшетінін алға тартты. Алайда, нақты қандай шаралар қолданылатыны айтылмады. Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдары Сеул өнеркәсіп аймағындағы серіктестікті тоқтатады деп жорамалдап отыр.

Бұл келіссөздерді қайта бастау туралы Оңтүстік Кореяның алғашқы ұсынысы емес. Сәуір айының ортасында осы ұсыныспен хабарласқан еді. Әйткенмен Пхеньян билігі бас тартқан болатын. 

Екі ел арасындағы салқындықтың салдарынан Кэсон аймағындағы жұмыс 2013 жылдың 9-ыншы сәуірінде тоқтатылған-тын. Әуелі Солтүстік Корея оңтүстіккореялықтар үшін аймаққа өту мүмкіндігін шектесе, кейін өздерінің 53 мың жұмысшыларын қауіпсіз жерге көшіріп әкеткен көрінеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!