Еуропада сәулеті өзгеше мешіттер бой көтере бастады

Фотография - Еуропада сәулеті өзгеше мешіттер бой көтере бастады

Мұсылмандарға арналған құлшылық үйлері сәулеті жағынан бір-бірін қайталамайды әрі шығысқа тән дәстүрлі келбетінен өзгеше сипат алған.

318 0

 Батыс елдерінде соңғы жылдары Алланың үйі көптеп салынуда. Мұсылмандарға арналған құлшылық үйлері сәулеті жағынан бір-бірін қайталамайды әрі шығысқа тән дәстүрлі келбетінен өзгеше сипат алған.

Мәселен, Германияның Кельн қаласында тұрғызылған мұсылмандардың ғибадат үйі күнге ұмтылған, қауызы ашылып келе жатқан гүлге ұқсайды. Ал қала тұрғындары мен қонақтарының кейбіреуі оны Ғарыш кеңістігінде жүзген жасанды жер серігіне ұқсатады. 

Бұл мешіттің іргетасы 2008 жылы қаланған болатын. Соңғы жарты ғасырда мұсылмандардың қарасы он есе артқан Германиядағы жүздеген мешіттердің бірі ғана екенін айта кету керек. Әлем картасынан мешіт атаулы мүлдем кездеспейтін аса ірі ондаған орталықта бүгінгі таңда мұсылмандардың құлшылық үйі көптеп бой көтере бастады. Мәселен, 2010 жылы АҚШ-та 1209 мешіт болған еді, қазіргі уақытта олардың саны 2106-ға жетті. Германия мен Франциядағы жағдай да осыған ұқсас: қазіргі уақытта аталған елдерде 200 мешіт салынып жатыр. Ал Мәскеу билігі мұсылман тұрғындарының санын шектеп, мешіттердің көптеп салынуына қарсылық көрсетіп келеді.

Десе де, батыс елдеріндегі мешіт құрылыстары ойдағыдай жүріп жатыр деуге тағы келмейді. Өз туған қалаларының жыл өткен сайын өзгеріп, мұсылман мәдениетінің орталықтарына айналып бара жатқандарына қынжылатындары да бар. Олардың арасынан ашық қарсылық көрсетіп жүрген ксенофобтарды да ұшыратуға болады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!