Мұсылмандар өз «Барбиін» жасап шығарды

Фотография - Мұсылмандар өз «Барбиін» жасап шығарды

Хиджаб киген Бар­биге азан шақырып, «Фулла» деген есім берді

218 0

 Ойыншық әлеміне салмақ­пен қарайтын мұсылмандар өз Барбиін жасап, кезінде Эллиоттың нарыққа енгізген Барби қуыршағына хиджаб кигізді. Хиджаб киген Бар­биге азан шақырып, «Фулла» деген есім берді

Бұл жобаны 1999 жылы NewBoy компа­ния­сы дүниеге әкелді. Атал­мыш ком­панияның брэнд-менед­жері Фаваз Абидиннің айтуынша, өте сәтті шыққан жоба көріне­ді. Себебі Фул­ланы тұтынушы­лардың қатары соңғы жылда­ры Барбиден де асып түскен. Ол Барби мен Иран қуыршағы Разанды да басып озды.

Фулла – қасы-көзі көмір­дей қап-қара, шариғат талап­тарына сай киінген, қолына жайнамазын ұстаған кейіптегі мұсылман қыз. Оның образын жасаушылар балалар үшін еліктеуге лайықты қуыршақ жасап шыққанын айтады. Фулла – Жаратқанға риясыз сенетін, қарапайым, көркем мінезді, ата-анасын сыйлай­тын үлгілі образдардың жиын­тығы. Тек мектепке барып, сабағын ғана оқумен шектел­мейді, қолы бос кезде анасына қолғабыс болатындай тәрбие­лі. Сондай-ақ бес уақыт нама­зын қаза қылмайтын мүмін қыз. Міне, осы Фулланы тұты­нушылардың қатары Солтүстік Америка мен Еуропада ғана емес, Ресейден де, тіпті Қазақстаннан да табылып жа­тыр. Бірақ отандық мамандар­дың басым бөлігі мұндай хиджаб киген қуыршақтармен баланың санасын шатасты­рудың қажетті жоқ екендігін сөз етуде. Сондықтан да болар діндарлардың дені бұл қуыр­шақтардың нарықта өтімді болатынына сенімсіз болып отыр.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!